Біздің қызметкерлер

16 наурыз, 2021

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Айдарымыздың кезекті кейіпкері Менсұлу Айтжанқызы Напихова паромдық қызмет көрсету қызметінің аға маманы болып қызмет етеді. 2012 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Құрық портында 2018 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның өз саласында үлкен тәжіриелі маманы болып табылады, және де бұл паромдық қызмет көрсету қызметінің қиын жұмысын атқаруға көмектеседі. Сонымен қатар, басшысы мен әріптестері оны өз саласының маманы ретінде сыйлайды. Порт қызметкерлері арасында құрметке ие.

Порт ұжымы атынан Меңсұлу Айтжанқызына жұмыстағы табандылығы үшін алғысымызды білдіре отырып және жұмысына табыстар тілейміз.


Фотогалерея

slide