ҚҰРЫҚ ПОРТЫНА УКРАИНАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ КЕЛДІ

11 наурыз, 2021

Құрық портына Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевский келді.

Іссапардың мақсаты паром кешенінің қызметімен танысу және одан әрі экономикалық байланыстарды қарастыру болып табылады.

Делегацияны Порт Құрық ЖШС Бас директоры Серік Жетпісбайұлы Ахметов қарсы алды.

Кездесу барысында тасымалдау мерзімі мен құнын төмендетуге мүмкіндік беретін порттың ыңғайлы географиялық орналасуы талқыланды, бұл Каспий теңізі арқылы экспорттық ағындарды 30% - ға арттырады.

Петр Врублевский өз кезегінде Маңғыстау облысы мен Украинаның теңіз ынтымақтастығын нығайтуға ниетті екенін атап өтіп, Құрық портының жұмысына оң баға берді.

Кездесу соңында Серік Ахметов Украина елшісіне алғысын білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа ризашылығын білдірді.


Фотогалерея

slide
slide
slide