Біздің қызметкерлер

10 наурыз, 2021

Қайырлы күн құрметті біздің оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Біздің бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Азат Сәрсенбайұлы Балықбаев Құрық портының жүктерді экспедициялау қызметінің маманы. 2014 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көлік-экспедиторлық факультетін бітірген. Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану саласында бакалавр дәрежесі бар.

Азат Балықбаев еңбек жолын 2015 жылы бастаған. Біздің компанияда 3 жылдан астам еңбек етуде. Осы жылдар ішінде ол өзін кәсіби жұмыс сапасымен көрсете білді. Білімі мен жұмыс тәжірибесінің арқасында порттың экспедиторлық қызметінің жұмысын жоғары деңгейде атқарады.

Сондай-ақ өз әріптестеріне жақсы және достық қарым-қатынаста, тиісінше қызметкерлер арасында құрметке ие. Ұжым атынан Азат Сәрсенбайұлына портты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз және толағай табыстар тілейміз.

Фотогалерея

slide