Біздің қызметкерлер

02 наурыз, 2021

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

Біз «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Біздің айдарымыздың бүгінгі кейіпкері Губашов Дастан Нәжімеденұлы «Құрық порты» ЖШС маркетинг қызметінің басшысы лауазымын атқарады. 1986 жылы 3 қарашада дүниеге келген. Отбасылы, 2 баланың әкесі. 2008 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Менеджмент бакалавры бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Осы жылдар ішінде көптеген ірі компанияларда жұмыс атқарып, өз саласының кәсіби маманы болды. 2018 жылдың қаңтар айында «Курык порты» ЖШС экспедиторлық бөлімнің бастығы лауазымына шақырылды. Сондай-ақ пайдалану басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Құрық порты» ЖШС маркетинг қызметінің бастығы қызметін атқарады.

Кәсіби мансабынан басқа, «Құрық порты» шағын футбол командасының мүшесі болып табылады. Команда құрамында көптеген турнирлердің жеңімпазы.

Команда жарқын, достық мінезімен ерекшеленеді. Компанияның барлық қызметкерлерімен достық қарым-қатынаста. Құрық порты атынан әріптесімізге алдағы уақытта жаңа биіктерге жетуді және барлық жақсылықтарды тілейміз.


Фотогалерея

slide