Маңызды ақпарат

26 ақпан, 2021

Өткен тәулікте өңірде тағы 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы індет басталғалы 4212 маңғыстаулық қауіпті вирус жұқтырды. Оның 3905-і ауруынан айықты.

Бірінші қаңтардан бастап облыс ойынша 76 баладан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал жыл басталғалы карантин тәртібін бұзғандарға 3 млн-нан астам айыппұл салынды. Ал еліміз бойынша соңғы тәулікте 795 адам вирус жұқтырған.

Сол себепті «Құрық порты» ЖШС аумағында Қазақстан Республикасының шекарасынынан өтетін азаматтар үшін коронавирустық инфекцияны алдын алуға арналған карантиндік шаралар күшейтілуде.


Фотогалерея

slide