Біздің қызметкерлер

18 ақпан, 2021

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар!

Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Байтиев Ердәулет Сайлаубайұлы компаниямызда порт диспетчері қызметін атқарады. Қазақ Көлік және Байланыс академиясының түлегі. 2003 жылы аталған жоғары оқу орнын «Теңіз көлігі» факультетінде бітірген. Құрық портында 2017 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы жылдар аралығында өзін тек қана жақсы іскерлік қасиеттерімен көрсете білді, сол себепті әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие. Үлкен жұмыс тәжірибесінің арқасында диспетчерлік қызметтің қиын тапсырмаларын жоғары деңгейде орындайды.

Сөз соңында Ердәулет Сайлаубайұлының еңбегіне алғыс білдіре отырып, жұмысына сәтттіліктер тілейміз.

Фотогалерея

slide