Біздің қызметкерлер

09 ақпан, 2021

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар!

Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Айдарымыздың кезекті кейіпкері Бурабаев Рауан Ниязұлы. «Құрық порты» ЖШС жобаларды сүйемелдеу секторында 1-ші санаттағы менеджер қызметін атқарады. 2006 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясын «Инженер» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, бірқатар біліктілігін арттыру курстарынан өткен, оның ішінде, «төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша біліктілікті арттыру», «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы», «іскерлік басқарудың жетілген дағдылары», «біріктірілген менеджмент жүйесіі және «Малайзиядағы интеграцияланған ағылшын тілі орталығы» курстары.

Рауан Ниязұлы өзінің еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Құрық портында 2016 жылдан бастап, яғни, оның құрылған күнінен бастап еңбек етеді. Біздің компаниямыздың негізгі мамандары мен алғашқы қызметкерлерінің бірі болып табылады. Портта еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және ҚОҚ менеджері лауазымынан бастаған. Сонымен қатар маркетинг бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Оның порт жұмысының тиімділігін арттыруға қосқан зор үлесі үшін әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Сонымен қатар, компания басшылығы оның жұмысына жоғары баға береді, өйткені ол кәсіби жұмыс қасиеттерін жетік меңгерген. Компанияның барлық қызметкерлерімен достық қарым-қатынаста.

Құрық паром кешенінің қалыптасуындағы алғашқы ізашарлардың бірі ретінде қазақстандық көлік кешені әлемдік көлік жүйесімен үйлесімді екенін байқаймын. Қолайлы инвестициялық ахуал жасау есебінен көлік кешенінің барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылды, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті технологиялары енгізілді. Көліктің барлық түрлері үйлесімді түрде өзара әрекеттеседі. Сондай-ақ, интермодальдық тасымалдаудың көліктік-логистикалық орталықтарының желілері құрылуда. Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті элементіне айналдыруға мүмкіндік береді. Біздің компаниямызға өркендеу және алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін.-деп атап өті.

Сөз соңында ұжым атынан Құрық портының дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіргіміз келеді және мансаптық өсуде жаңа биіктерге жетуді тілейміз.

Фотогалерея

slide