Құрық порты арқылы саяхат

05 ақпан, 2021

Каспий теңізіндегі халықаралық тасымалдардың үлкен үлесі паромдық өткелдер арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты Каспий теңізі бойынша паромдарда жолаушылар тасымалы өте қызықты болып табылады.

Жолаушыларға Құрық паромдық кешені арқылы «Professor Gul» паромына билеттер сатып алып, «Құрық – Баку – Құрық» бағыты бойынша саяхаттау мүмкіндігі бар.

"Professor Gul" кемесі жолаушыларды, жүк және жеңіл автомобильдерді, теміржол вагондарын, тіркемелер мен салқындатқыштарды тасымалдауды жүзеге асырады. Паром әлемдік стандарттарға сәйкес салынған, жаңа радионавигациялық жабдықтармен, сондай-ақ дауыл кезінде кемені тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған.

Сондай-ақ, бұл паромда жолаушыларға ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалған.

Фотогалерея

slide