Құрық порты плей-оффта

30 қаңтар, 2021

Құрық портының аяқ доп шеберлері футзалдан «NS Club»-тың ұйымдастыруымен алғашқы рет өтіп жатқан турнирінің плей-офф кезеңіне жлдама алды.

Бүгінгі тартысты өткен бәсекеде спортшыларымыз табандылық пен қайсар мінездің арқасында топтан шығу мәртебесіне ие болды. «Қарақия» футбол клубымен болған ойында футболшыларымыз командадағы туындаған келеңсіздіктер мен қиындықтарға қарамастан тең есепті ұстап қала алды.

Бұл нәтиже келесі турға өтуге деген соңғы мүмкіндік болатын. Дегенмен жігіттер сәтсіз басталған ойында жанкештілік танытып, компаниямыз үшін мақтан тұтарлық көрсеткіш тіркей білді. Топта екінші орынды қанжығаларына байлап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлай білді.

«Құрық порты» футбол клубын бүгінгі жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы өтетін ойындарда жеңіс пен сәттілік тілейміз.

Еске салсақ, аталған турнир «NS Club» кубогын сарапқа салатын футзал командалары арасындағы сайыс болып табылады. Облыс бойынша жалпы саны 16 команда бақ сынаған болатын.

Фотогалерея

slide