Қайырлы күн құрметті біздің оқырмандар!
«Біздің серіктестер» айдарын жалғастырамыз.
Бүгінгі шығарылымда біз «Құрық порты» паром кешенінің қызметін пайдаланатын компания туралы айтатын боламыз.
«Исткомтранс» Қазақстан Республикасындағы ең ірі жылжымалы құрам операторы, теміржол нарығындағы көшбасшылардың бірі.
Исткомтранс өз қызметін 19 жылдан астам уақаттан бері Қазақстан Республикасының көлік нарығында жүзеге асырады.
Компанияның Қазақстанның 11 қаласында және Ресей Федерациясында филиалдары мен өкілдіктері бар және операциялық паркі 12 545 вагонды құрайды.
Исткомтранс Қазақстанда вагондарды басқарудың ең заманауи автоматтандырылған жүйелерінің біріне ие, ол жолтабан 1520 бүкіл кеңістігінде вагондарды қадағалауға, тасымалданатын жүктерді жоспарлау мен жедел есепке алуды және Вагондардың техникалық жай-күйін жүргізуге мүмкіндік береді.
«Құрық порты» ЖШС өз атынан ынтымақтастық жылдарындағы сапалы және кәсіби қызмет үшін үлкен алғыс білдіреді. Порт атынан “Исткомтранс” компаниясына одан әрі даму және халықаралық деңгейде жаңа биіктерге жетуді тілейміз.