Бүгін — Ғарышкерлер күні.

12 сәуір, 2020

1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин болды.

1991 жылы ғарышқа қазақ баласы Тоқтар Әубәкіров көтерілді. Бұдан кейін де қазақтың қайсар ұлдарына ғарышты бағындыру бұйырды. Олар: Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов.

Олай болса, мереке құтты болсын!

Фотогалерея

slide