Құрық порты бауырлас Түркия Республикасына көмек көрсетеді

«Құрық порты» ЖШС Түркия Ре

17 ақпан, 2023
«Құрық порты» ЖШС Түркия Республикасының 10 аймағын қамтып, адам шығынына әкелген жер сілкінісінен болған табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге септесу туралы шешім қабылдады.

Порт басшылығының шешімімен Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия республикаларының аумағы арқылы транзитпен өтетін Өзбекстан Республикасынан шыққан гуманитарлық жүк тасымалдаушы көліктер Құрық портында баждар мен алымдардан босатылды.

Сондай-ақ Құрық порты Түркия тарапына тиісті құжаттарды дайындауға және 6 жүк көлігін жөнелту шараларын жылдамдатуға көмектеседі.
slide
slide