Бүгін, 22 ақпанда Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың төрағалығымен Маңғыстау теміржол мен әуе көлігі мекемесінің, Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен, сондай-ақ, Ақтау жане Құрық теңіз порттарының басшыларымен кездесу өтті.
Күн тәртібінде «ҚР теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасының» іске асырылу барысы қаралды.
Сондай-ақ, кездесу барысында
жолаушылар пойыздарында, вокзалдар мен әуе көлігі нысандарында жолаушылардың жеке қауіпсіздігі мен олардың мүліктерінің, теміржол көліктерімен тасымалданатын басқа да материалдық құндылыктардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.
Б. Малыбаев жоғарыда аталған нысандарда орын алып отырған бірқатар көкейкесті мәселелерге кеңінен тоқталды.
Департамент бастығы Маңғыстау станциясы мен Ақтау әуежайындағы желілік бөліністердің басшыларына теміржол мен әуе көлігі кызметтерін пайдаланушы азаматтардын кауіпсіздіктері мен қоғамдык тәртіпті қорғау жөніндегі алдын алу шараларын әрі қарай жетілдіруді тапсырды.