Құрық порты маңында жол-көлік оқиғасы орын алды

Оқиға 25 ақпан күні сағат 22:40

27 ақпан, 2023
Оқиға 25 ақпан күні сағат 22:40-та орын алды. 
Құрық порты аумағы маңында мас күйде жүк көлігін тізгіндеген Грузия елінің азаматы Toyota Prada автокөлігіне соқтығысқан.
Жүк көлігінің жүргізушісі порт аумағының сыртындағы автокөлік тұрағында ішімдік ішкен. Мас күйде порт аумағына қарай бет алған ол тізгінге ие бола алмай жолда тұрған автокөлікке соқтығысып, порт аумағының жабық қақпасын қағып кіріп кеткен.
Ішке кірген көлікті дереу шекара қызметкерлері мен Құрық портының қауіпсіздік қызметі тоқтатып алды. Жүргізушіні түсіріп, қауіпсіздік шараларын қолданды.
Тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, алкогольдік және наркологиялық сынама алынды. Қазіргі уақытта жүргізуші Қарақия аудандық полиция бөлімінде. Істің мән-жайымен облыстық ІІМ айналысып жатыр.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Порт нысандарына зақым келген жоқ. Компания жұмысы әдеттегіше штаттық режимде жүріп жатыр.
slide