«Құрық порты» ЖШС бас дирек
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов Құрық портындағы астық терминалын салу жобасының барысымен танысты.
Сондай-ақ «Kaspi Grain Way» ЖШС директоры Нұрлан Жүнісовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар паромдық кешеннің перспективалық дамуы бойынша жұмыстың негізгі аспектілерін және жобаны іске асыру кезеңдерін талқылады.
Еске салайық, бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайтын астық терминалының қуаттылығы жылына 1 млн тоннаны құрайды.