14 сәуір SPG Port of Rizhao және Құры
14 сәуір SPG Port of Rizhao және Құрық порттары арасында өзара түсіністік пен достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.
Келісімнің мақсаты – өзара тиімді ынтымақтастық пен даму мәселесі бойынша тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен шарттарын айқындау.
Сондай-ақ, келісімге қол қою кезінде Тараптар порттар арасындағы ақпараттық, технологиялық және іскерлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайту бойынша келісімге келді.
Тараптар келесі салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті:
- портты дамыту және салу саласы;
- пайдалану және қолдану;
- «жасыл» және «ақылды» порт салу;
- кадрларды даярлау;
- операциялық процестерді оңтайландыру;
- тиеу-түсіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, жәнк т.б. салалар.
Өз кезегінде бұл келісім Құрық порты паром кешенінің дамуына үлкен серпін бермек.