Қазақстан Республикасына с
Қазақстан Республикасына сапары барысында Shangdong Port Group (SPG) президенті Ли Фэнли бастаған делегациясы Құрық портына келді.
Сапар барысында делегация паром кешенінің қызметі мен инфрақұрылымымен танысты.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов қонақтарды порттың өткен жылдардағы жұмысының нәтижелерімен таныстырды, сонымен қатар ТХКБ бағыты бойынша логистиканы дамыту жоспарлары туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Құрық порты мен SPG Port of Rizhao арасында достық қарым-қатынас орнату бойынша келісімге келді.