Құрық портында кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

15 сәуір күні Құрық портында

18 сәуір, 2023

15 сәуір күні Құрық портында кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті.

Жиын «Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Қуанышев Бақытжан Мұханбетұлы, Теміржолшылар кәсіби одағы Орталық Кеңесінің Маңғыстау аймағы бойынша өкілі Әзірбай Тұрмағанбетұлы, «Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлы төрағалығымен етті.

Көпшілік дауыспен Құрық портының жағалау матросы Балтабайұлы Бердібек «Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ Құрық портындағы өкілі болып сайланды.

Сонымен қатар порт қызметкерлері арасында комитет пен комиссия мүшелері сайланды.

Құрық портының кәсіподақ ұйымы ары қарай жаңадан сайланған мүшелермен жұмысын жалғастырмақ.

Алдағы күндері кәсіподақ жаңадан сайланған салалық кәсіподақ өкілі Балтабайұлы Бердібектің төрағалығымен алғашқы жиналыс өтетіні хабарланды. Жиналыста мекемедегі өзекті мәселелер мен жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған ұсыныстар талқыланатын болады.

slide
slide
slide
slide
slide