Құрық порты аумағында дәстүрлі сенбілік өтті

Құрық порты аумағында дәст�

28 сәуір, 2023

Құрық порты аумағында дәстүрлі сенбілік өтті. Экологрялық шараға порттың әкімшілігі мен қызметкерлері қатысты.

Порт аумағы мен жақын маңайды тазалау кезінде паромды кешен ұжымы мен басшылығы көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолын тазалап, қоқыстарды шығарды. 

Сонымен қатар, қарағаш, емен, терек секілді 40 жуық ағаш отырғызылды.

Сенбілік күні порттың эстетикалық келбетін жақсарту бойынша да жұмыстар жүргізіліп, бордюрларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктері сырланды. 

Ашық аспан астындағы жұмыс қызметкерлерге үлкен қуаныш сыйлады. Сенбілік қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide