"Құрық порты" ЖШС "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының жаңа қатысушысы

Ағымдағы жылдың 30 мамырына�

31 мамыр, 2023

Ағымдағы жылдың 30 мамырынан бастап «Құрық порты» ЖШС «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы ретінде тіркелді. 

АЭА-ның жаңа қатысушысы габаритті емес/ірі габаритті жүктердің айлағы мен астық терминалын салу бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. 

Құрық портының аумағы ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен Ақтау теңіз сауда порты мен «Баутино» жүк ауданының аумағымен қатар АЭА құрамына кірді. 

Порт аумақтарын АЭА аумағына қосу және  оларды АЭА қатысушылары ретінде тіркеу жөніндегі іс-шаралар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев пен ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады және Ақтау мен Құрық порттарын кешенді дамытуға, оның ішінде жүк ағындары мен жүктерді тиеуді ұлғайтуға, көліктік-логистикалық әлеуетті, порт инфрақұрылымын дамытуға және «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 
контейнерлік хаб құруға бағытталған.

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide