Құрық порты EcoPort сертификатын алды

8 маусым күні «Астана халық�

08 маусым, 2023

8 маусым күні «Астана халықаралық форумы – 2023» аясында ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Мария Шмид пен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова «Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік Жетпіспайұлына EcoPort (жасыл порт) сертификатын табыс етті.

EcoPorts – еуропалық порт секторының негізгі экологиялық бастамасы. Оған 1997 жылы бірнеше белсенді порттар бастамашы болып, 2011 жылдан бастап Еуропалық теңіз порттары ұйымына (ESPO) толығымен біріктірілді. EcoPorts негізгі принципі – порттар арасындағы ынтымақтастық және біліктілік алмасу арқылы қоршаған ортаға тең жағдай жасау болып табылады.

slide
slide
slide