Маңғыстау облысындағы шекара қауіпсіздігі мәселелеріне арналған жиын

Ағымдағы жылдың 13 маусымын�

13 маусым, 2023

Ағымдағы жылдың 13 маусымында Құрық портында Маңғыстау облысындағы шекара қауіпсіздігі мәселелеріне арналған көшпелі жиын өтті.

Жиынға қатысушылардың тізімінде Асқар Шәкіров бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің делегациясы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілдері, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің басқармасы сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері болды.

Сапар барысында Құрық портының бас директоры Серік Ахметов делегацияны порттың ағымдағы инфрақұрылымымен және қызметімен таныстырды.

Сондай-ақ жұмыс тобы паром кешенінің бірқатар өндірістік нысандарын аралады.

slide
slide