JICA түлектері қауымдастығы өкілдері Құрық портының қызметімен танысты

JICA түлектері қауымдастығы �

14 маусым, 2023

JICA түлектері қауымдастығы өкілдері Құрық порты паром кешеніне келді.

Теңіз портына сапары барысында Қауымдастық мүшелері порттың инфрақұрылымы мен қызметімен танысты.

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов делегация өкілдеріне паром кешенін дамытудың перспективалық бағыттары туралы айтып, өндірістік нысандармен таныстырды.

Қазақстандағы JICA түлектерінің қауымдастығы 2010 жылдың наурыз айында құрылған. Қауымдастық 12 жыл бойы жапондық этикалық стандарттар мен іскерлік тәжірибені белсенді түрде алға жылжытып, экономикалық ынтымақтастықты дамытып келеді.

slide
slide
slide