Іс-шараны Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Форум жұмысы Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға, екі елдің іскер серіктестері арасында қалыптасқан және жаңа тікелей байланыстарды орнатуға,
инвестициялық жобаларды, мүмкіндіктер мен бизнесті қолдау тетіктерін таныстыруға бағытталған.
Аталаған форумда «Құрық порты» ЖШС маркетинг қызметінің басшысы Айтқали Нұрмағанбетов Құрық паромды кешенінің қызметі мен Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту туралы баяндады.
– Транскаспий халықаралық көлік дәлізі еуразиялық көлік жүйесін қалыптастыруда ең маңызды буыны болып табылады. Орталық Азия мен Еуропа елдері арасындағы транзит пен Транскаспий бағытын дамытудағы ең маңызды рөл «ҚТЖ» ҰК» АҚ, сондай-ақ қазақстандық Ақтау мен Құрық порттарының жақсы үйлестірілген жұмысының арқасында Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалына жүктелді, – деп атап өтті Айтқали Жыңғылбайұлы.
Сондай-ақ шара барысында қазақстандық машина жасауды дамыту, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ әртүрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері сынды маңызды мәселелер талқыланды.