Құрбан айт құтты болсын!

Баршаңызды мұсылман қауымы

28 маусым, 2023

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырыс-ынтымаққа толсын. 

Бұл мереке елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында айрықша рөл атқарады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

slide