ҚР индустрия және инфрақұр�
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Құрық портына» келді.
Сапар барысында министр порттың қазіргі жұмыс барысымен танысты.
Құрық портының бас директоры Серік Ахметов келген делегация өкілдеріне паромды кешеннің инфрақұрылымы мен Маңғыстау облысы теңіз порттарын дамыту жоспары аясында қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ, Марат Қарабаев Маңғыстау облысындағы теңіз порттарын дамыту жоспарының іске асырылуымен де танысты.