Біздің қызметкерлер

Савченко Олеся Викторовна �

05 шілде, 2023

Савченко Олеся Викторовна «Құрық порты» ЖШС кірістерді есепке алу және тарифтік саясат бөлімінің 1-деңгейлі менеджері қызметін атқарады.

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын және Ш.Есенов атырдағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ы. Алтынсарин атындағы институтта оқытушы болып бастаған. 2009–2017 жылдар аралығында «М-Техсервис» ЖШС Маңғыстау филиалында маркетинг бөлімінің маманы болып жұмыс істеген. Құрық портында 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Біздің компанияда жұмыс істеу барысында ол өзін білімді, әрі ісіне жауапкершілікпен қарайтын жоғары білікті маман ретінде көрсете білді.

Ұжым атынан Олеся Викторовнаның жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз.

slide