Баку жазғы энергетикалық мектебі – 2023

«Баку жазғы энергетикалық �

10 шілде, 2023

«Баку жазғы энергетикалық мектебі – 2023» аясында Құрық порты паромдық кешеніне әлемнің 14 елінен 67 өкіл келді.

Сапар барысында делегация Құрық теңіз портының бірқатар өндірістік нысандарын аралады. Сондай-ақ, сапар барысында Баку мектебінің өкілдері өңірдегі көлік-логистика саласын дамыту бағдарламасымен танысты.

Кедендік ресімдеу ғимаратында қонақтарға жергілікті музыканттар, орындаушылар мен бишілердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Баку жазғы энергетикалық мектебі 2023» — халықаралық деңгейдегі ғалымдарды бір арнаға тоғыстыратын ауқымды бағдарлама. Іс-шара аясында сарапшылар үш күн бойы Маңғыстау өңірінің энергетика саласындағы əлеуетті мүмкіндіктерін бағамдап, мұнай және мұнай өнімдерін өндіру бойынша ақпарат-деректермен танысып, өзара тәжірибе алмасады.

slide
slide
slide