Ақтауда "Баку жазғы энергетикалық мектебі - 2023" форумы өтті

«Баку жазғы энергетикалы�

12 шілде, 2023
«Баку жазғы энергетикалық мектебі» - энергетика және экология мәселелерін толық зерттеу үшін, оның ішінде Каспий теңізінің проблемаларына баса назар аударатын бағдарлама. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен танымал ғалымдар, саясаткерлер және мамандар жыл сайын дәстүрлі түрде жиналады.  Биыл өткізіліп отырған жазғы мектептің форматына өзгертулер енгізілген. Оның аясында бағдарламаға қатысушылар алғаш рет Ақтауда бас қосты.
Жиынға «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов те қатысты.
Баку жазғы энергетикалық мектебінің қатысушылары алдағы үш күнде Маңғыстау облысының энергетика саласындағы әлеуетімен танысады. Бұл бағдарламаны Ақтау қаласындағы Әзірбайжан консулдығы, орталық қоғамдық қор мен «АДА» университеті (Әзірбайжан) және Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған. 
Ақтауда өткен «Баку жазғы энергетикалық мектебі-2023» форумына Әзербайжан, Түркия, АҚШ, Испания, Италия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Қазақстан, Жапония, Қытай, Венгрия, Болгария, Чехия сияқты елдерден 67 қатысушы жиналған. Олардың қатарына энергетикалық компаниялардың мамандары, түрлі мемлекеттік мекемелердің, елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ энергетика және экология мәселелерін зерттейтін ғалымдар, журналистер мен аспиранттар кіреді.
Маңғыстау Қазақстан мұнайының 1/4 бөлігін өндіретін өнеркәсіптік аймақ болып табылады. Жыл сайын өңірде 17 млн тоннаға дейін мұнай және шамамен 2,8 млрд текше метр табиғи газ өндіріледі.
Өңірдің экономикасында тау-кен өнеркәсібі басым, оның үлесіне жалпы өңірлік өнімнің жартысынан астамы және облыстың жалпы өнеркәсіп көлемінің 80% - дан астамы тиесілі. Сондай-ақ, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов учаскелерінде жаңа кен орындарын барлау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қарақия ауданында «Жасыл» сутегін өндіретін зауыт салу жоспарланған. Жоба бойынша жалпы қуаттылығы 40 ГВт күн және жел станцияларын салу қарастырылған, бағдарлама жылына 2 млн тоннаға дейін «жасыл» сутегі мен 11 млн тонна «жасыл» аммиак шығаруға мүмкіндік береді.
slide
slide