Біздің қызметкерлер

Қайырлы күн құрметті оқырм�

13 шілде, 2023
Қайырлы күн құрметті оқырмандар! «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Мұкашева Бақытбибі Сүлеуқызы «Құрық порты» ЖШС кірістерді есепке алу және тарифтік саясат басқармасының 3-деңгейлі менеджері қызметін атқарады.

Мәскеу менеджмент, экономика және инновациялар институтын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Мәскеу қаржы-заң университетінде «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Құрық портында 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Біздің компанияға келгенге дейін «КазТурбоРемонт» ЖШС-де материалды үйлестіруші қызметін атқарған.

Бақытбибі Сүлеуқызы біздің компанияда жұмыс істеген аз уақытта өзін жауапты, әрі  білікті маман ретінде көрсете білді. Жұмысқа деген адалдық, біліктілікті арттыруға және кәсіби өсуге ұмтылу сияқты іскерлік қасиеттерге ие. Одан бөлек әріптестерімен достық қарым-қатынаста.
slide
slide
slide