2023 жылғы 27-28 шілдеде Грузия�
2023 жылғы 27-28 шілдеде Грузияда Тбилиси қаласында "Құрық Порт" ЖШС өкілдері "Транскаспий сауда жолын мультимодальды тасымалдауға қатысушылар арасындағы үйлестіруді жақсарту және оның пайдалану мен кеңейтудің өміршен мультимодальды сценарийлерін айқындау" тақырыбында Транскаспий сауда жолын кеңейту жөніндегі екінші кеңесіне қатысты. Сондай ақ, жеке сектор өкілдері, Орталық Азияның бес елінің ұлттық қауымдастықтары, Әзірбайжан, Грузия логистикалық және экспедиторлық компаниялары да қатысты.
Бұл алаң Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланудағы кедергілер мен олқылықтарды талқылауға және мүмкін шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік маршрутының бәсекелесітік артықшылықтарын жасау үшін қысқа мерзімде көлік инфрақұрылымын, өткізу пункттерін дамытуды қамтитын кешенді шараларды іске асыру қажеттігін атап өтті.