Президент: Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

01 қыркүйек, 2023

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында теңіз инфрақұрылымын дамытуды, бұл ретте Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс екенін айтты.

   "Бізге теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыруымыз қажет. "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізі де өте маңызды. Сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Біртіндеп бұл бағыттағы теміржол желісінің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыру керек - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ең алдымен «Болашақ-Челябинск» теміржол желісінің қазақстандық бөлігін жаңғыртуды қолға алу қажеттігін атап өтті.

"Алдымен "Болашақ-Челябинск" теміржол желісінің Қазақстандағы бөлігін жаңғыртуға кірісу қажет. Халықаралық дәліздермен тиімді байланыс орнату үшін логистика өызметін толық ұсыну маңызды. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары мультимодальды орталық болуы тиіс. Бұл орталықтар бәсекеге қабілетті болу үшін жүктерді қабылдау және тарату қызметі сапалы атқарылуы керек. Жалпы, саланы дамыту үшін тариф және реттеу саясаты дұрыс жүргізілуге тиіс. Жеке инвестицияны көптеп тарту керек".

Мемлекет басшысы Транскаспий бағыты біздің транзиттік әлеуметімізді нығайтуда маңызды рөл атқаруға шақырылғанын атап өтті. Орта мерзімді перспективада бұл дәліз бойынша көлік көлемін бес есеге арттыруға болады. Ол үшін серіктес елдер – Қытай, Әзірбайжан, Грузия және Түркия елдерімен күш біріктіруіміз керек.

"Бақты" өткелінде жаңа «Құрғақ порт» салу, Ақтаудағы контейнерлік тораптың құрылысын жеделдету, Орта дәліз бойымен Қара теңіздегі порт өткізу қабілетін кеңейту жоспарлануда. Қытайдың Сиань қаласында және Грузияның Поти портында қазақстандық терминалдардың құрылысы басталды. Бұл Қытайдың «Белдеу және жол» мега-жобасының біздің ұлттық бастамаларымызбен байланысының нақты мысалдары. Көлік әлеуметін жүзеге асыру біздің барлық көршілес елдермен, соның ішінде Ресеймен, Қытаймен, Орталық және Оңтүстік Азиядағы тату көршілерімізбен сындарлы және тату көршілік қарым-қатынасымызға байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


slide