"Қазақстандағы Германия экономикасының 25-ші күні" атты конференция өтті.

"Қазақстандағы Германия экономикасының 25-ші күні" атты конференция өтті.

12 қыркүйек, 2023

2023 жылы 12 қыркүйекте Алматы қаласында "Қазақстандағы Германия экономикасының 25-ші күні" атты конференция өтті. Конференция "Жаңа шындықтар тұрғысынан өнеркәсіптік ынтымақтастық", "Жаңа Жібек жолы - Логистика және инфрақұрылымдық даму" және "фармацевтика және медициналық технологиялар саласындағы ынтымақтастық" өзекті тақырыптар көтерілді.

Биыл конференция өзінің 25 жылдығын атап өтуіне орай, Германиядан сыртқы экономикалық қызметтің басшысы және Германияның сауда-өнеркәсіп палаталары Федералды бірлестігінің Директорлар кеңесінің мүшесі Фальке Трайер мырзаның басшылығымен жоғары лауазымды экономикалық делегация қатысты.

Қазақстандағы Германия экономикасының күндері неміс және қазақстандық бизнес, бизнес одақтар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің байланыстарын орнату және нығайту үшін берік тұғырнамаға айналды.

Аталған конференцияда "Құрық порты" ЖШС Бас директоры Ахметов Серік Жетпіспайұлы "Жаңа Жібек жолы - логистика және инфрақұрылымдық даму" тақырыбында баяндама жасады.

slide
slide
slide