"Көлік және Логистика 2023"Қазақстандық халықаралық көрмесі

Көлік апталығы аясында 26-шы

05 қазан, 2023

Көлік апталығы аясында 26-шы Қазақстандық "Көлік және Логистика-2023" халықаралық көрмесі алаңында, "Каспий теңізіндегі порттарды, терминалдарды және кеме қатынасын дамыту" атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияның пленарлық сессияларында салалық министрліктердің, қауымдастықтар, порттар басшылары мен сарапшылардың отандық порттарды жаңғырту жобаларының кейстерін, бағыттағы цифрлық шешімдерді қоса алғанда, ТХКБдаму стратегиясын, сондай-ақ жаңа цифрлық дәліздерді құруды талқылады.

"Құрық порты" ЖШС Бас директоры Серік Ахметов "теңіз және ішкі су жолдарындағы сауда ағындары" тақырыбындағы панельдік сессияда модератор ретінде сөз сөйледі. Осы аталған сессияда орта дәлізді дамыту, Каспийдегі қазақстандық порттардың инфрақұрылымын жақсарту және осы бағыт бойынша тасымалдау сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Конференцияның екінші бөлімінде көлік саласының танымал сарапшыларының қатысуымен "сараптамалық пікір" форсайт-сессиясы өтті, онда халықаралық көрме мен жалпы көлік апталығының қорытындылары бойынша пікір алмасу болды.

TransLogistica Kazakhstan - көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялар бойынша Орталық Азиядағы ең ірі, ал ТМД елдері мен Балтық жағалауы елдеріндегі қатысуы бойынша екінші орындағы көрме.

Биылғы жылы әлемнің 17 елінен 225 компания өз стендтерін ұсынды.

slide
slide