Құрық портына Индонезия елшілігінің өкілдері Мохамад Фаджрул Рахман мен Густав Дауд Сираит келді.
Сапар барысында делегация Құрық портымен ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеді.
Серіктестіктің бас директоры Ахметов Серік Жетпіспаұлы делегацияны паромдық кешеннің инфрақұрылымымен, сонымен қатар Маңғыстау облысындағы теңіз порттарын дамыту жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.