«Құрық порты» ЖШС Транскаспий халықаралық сауда жолы және логистика бойынша семинарға қатысты

«Құрық порты» ЖШС Транскаспий халықаралық сауда жолы және логистика бойынша семинарға қатысты

10 мамыр, 2024

Іс-шараға Таиланд, Индонезия елшілері, Вьетнам елшісінің орынбасары, жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ «АТСП» ҰК" АҚ өкілі қатысты.

Семинарға қатысушылар АСЕАН-ға мүше елдермен сауда мүмкіндіктерін талқылады. Маркетинг секторының бастығы Айтқали Нұрмағанбетов Құрық портының қызметіне қатысты шетелдік қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

«Біз Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында жұмыс істей аламыз. Бұл Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынас құруға ғана емес, болашақта тауар алмасуға мүмкіндік береді. Жүк ағынын арттыру үшін TMСЖ тиімділігін арттыру керек. Егер АСЕАН елдері осы үдеріске тартылса, бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, сол арқылы осы бағытқа бұдан да көп мүдделілерді тартуға мүмкіндік береді», - деді Айтқали Нұрмағанбетов.

slide