Құрық портына ҚР Көлік министрлігінің делегациясы келді
16 мамырда Құрық портына ҚР Көлік министрлігі Темір жол көлігі комитеті төрағасының орынбасары Тілепов Қасым Нағашыбайұлы бастаған ҚР Көлік министрлігінің делегациясы келді.
Сапар барысында министрлік өкілдері Құрық портының инфрақұрылымы және қызметімен танысты.
«Құрық Порты» ЖШС директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Талғат Сапарбекұлы Оспанов қонақтарды компанияның өндірістік көрсеткіштерімен және логистикалық бағыттарды дамытудың алдағы жоспарларымен таныстырды.