22-24 мамыр аралығында «Құрық порты» ЖШС маркетинг секторының меңгерушісі Нұрмағамбетов Айтқали Қытайдағы ең ірі көлік-логистикалық көрмелердің бірі – 6-шы Батыс Қытай халықаралық жеткізу тізбегі мен ақылды логистика көрмесіне қатысты.

Көрме аясында қатысушылар Индустриалды-логистикалық парктердің ынтымақтастығы бойынша II Азия-Еуропа халықаралық форумына, Қытай мен Орталық және Батыс Азия арасындағы көлік және логистика жөніндегі III конференциясына, «Тиімді логистика және үздіксіз транзит» II Халықаралық мультимодальды бизнес форумына қатысты.
Сонымен қатар, TMTM Ассоциациясының делегациясы үшін қытайлық логистикалық платформалар мен жүк жөнелтушілерінің қатысуымен TMTM бағытын ілгерілетуге байланысты арнайы B2B кездесулері, сондай-ақ Сычуань провинциясының логистикалық хабтарына техникалық сапар ұйымдастырылды.