ЕРСАЙ теңіз терминалы алғашқы екі құрғақ жүк таситын кемені қабылдады

2024 жылы 27 мамырда порттарды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде ЕРСАЙ теңіз терминалы алғашқы екі құрғақ жүк таситын кемені қабылдады.

29 мамыр, 2024

2024 жылы 27 мамырда порттарды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде ЕРСАЙ теңіз терминалы Талимаржан ЖЭС (Өзбекстан Республикасы) жаңа энергоблоктарын салумен айналысатын «AKSA Energy» компаниясы үшін бортында жобалық габаритті емес жүгі бар «Николай Псомиади» және «Омский 105» алғашқы екі құрғақ жүк таситын кемені қабылдады. Жүктің 1 бірлігінің максималды салмағы 300 тоннаға жетеді.

Бұл жобаның басты тасымалдаушысы CJ ICM Logistics болып табылады.

ЕРСАЙ теңіз терминалының әрі қарай  дамуы мен жұмыс істеуі Маңғыстау облысы және Құрық портының көліктік әлеуетін айтарлықтай арттырып, сондай-ақ порт қызметтерінің спектірін кеңейтіп, сапасын арттыруға, соның ішінде, жүк айналымын ұлғайтуға көмектеседі.

slide
slide
slide
slide