«2024 Пекин-Париж Раллиі» ретро көліктерінің салтанатты раллиі басталды

18 мамырда «2024 Пекин-Париж Раллиі» ретро көліктерінің салтанатты раллиі басталды, оған 22 елден ретро-техникаға құштарлықпен біріктірілген 287 адам қатысады.

07 маусым, 2024

18 мамырда «2024 Пекин-Париж Раллиі» ретро көліктерінің салтанатты раллиі басталды, оған 22 елден ретро-техникаға құштарлықпен біріктірілген 287 адам қатысады.

14 500 шақырымдық ралли Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Грекия, Сан-Марино, Италия және Франция арқылы өтеді.

Аты аңызға айналған көліктері бар қатысушылар Бейжіңнен Каспий теңізінің жағасына дейін ұзақ жол жүріп, Құрық портына жетті, 7 маусымда олар Әзірбайжанға, одан әрі Еуропаға паромға тиеледі.

Бұл шараға Маңғыстау облысының мемлекеттік органдары да, Құрық портының әкімшілігі де, Қазақстан Республикасының шекара және кеден қызметтері де жан-жақты қолдау көрсетті.

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide