Қарақия ауданы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан дағдарыстық жағдайды ескере отырып, «Құрық порты» ЖШС Құрық ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.
Қарақия ауданы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан дағдарыстық жағдайды ескере отырып, «Құрық порты» ЖШС Құрық ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Серіктестік басшылығы әріптестермен ауылға ауыз су жеткізу жөнінде келісімге келді. Осылайша, алдағы күндері елді мекендерге әрқайсысының көлемі 20 м3-ге дейін жететін бірнеше су тасушы жіберіледі.
«Құрық порты» ЖШС жақын аймақтағы елді мекендердің тұрғындары үшін белгілі жауапкершілік үлесін өз мойнына алады және өзінің әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде ықтимал қолдау шараларын көрсетуге әрқашан дайын.