«АТСП» ҰК» АҚ-на Цзиньхуа, Иу қ.қ. әкімдігінің делегациясы, «Құрық порты» ЖШС және «АТСТ» ЖШС өкілдері келді

Ағымдағы жылдың 25 маусымында «АТСП» ҰК» АҚ-на Цзиньхуа, Иу қ.қ. әкімдігінің делегациясы келді.

25 маусым, 2024

Ағымдағы жылдың 25 маусымында «АТСП» ҰК» АҚ-на Цзиньхуа, Иу қ.қ. әкімдігінің делегациясы келді. Бұл сапар Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында жүк тасымалының автомобильді құрамдас бөлігінің ашылуына байланысты орын алды.

Ақтау портында делегацияны «АТСП» ҰК» АҚ президенті А.Н. Түрікпенбаев, «Құрық порты» ЖШС және «АТСТ» ЖШС өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында ҚХР-дан келген қонақтар Ақтау портының инфрақұрылымы және қызметімен танысып, Құрық порттары мен Ақтау солтүстік теңіз терминалының өндірістік көрсеткіштері туралы хабардар болды.

slide
slide
slide
slide