Бүгін, 28 маусымда «Құрық порты» ЖШС Тасымалдау және экспедиция секторының меңгерушісі Дамир Маратұлы Шушаков серіктестік өкілі ретінде Ташкенттегі (Өзбекстан) Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы аясында өткен Логистикалық орталықтар мен жүк тасымалдаушылар Альянсының бірінші отырысына қатысты.

Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) шеңберінде аймақтағы көлік байланысын нығайтуға, соның ішінде, көлік дәліздерін дамыту және ірі логистикалық инфрақұрылым жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, көлік бағыттарының біріктірілген желісін құру, әлемдік қауымдастықтың негізгі нарықтарына шығу, транзиттік дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бизнес үшін барынша қолайлы тарифтерді енгізуге ерекше көңіл бөлінеді.