«Құрық порты» ЖШС өкілі ҚР Туризм және спорт министрінің қолынан мақтау қағазын алды

28 маусымда ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев пен AFL президенті Мұрат Думанұлы Елеупов арасында жұмыс кездесуі өтті, оның барысында бұқаралық футболды дамыту мәселелері талқыланды.

01 шілде, 2024

AFL делегациясының құрамында Қазақстан құрамасының ойыншылары, соның ішінде «Құрық порты» ЖШС өкілі Елемесов Абай да болды.

Министр Лиганың өнімді жұмысын және халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерін атап өтті.

Спортшыларға SOCCA WORLD CUP чемпионы және SOCCA EUROCUP екі дүркін чемпионы атағы үшін мақтау қағаздары табыс етілді.

«Құрық порты» ЖШС Қазақстан құрамасын және Абай Елемесовті жоғары жетістіктерімен құттықтайды! Сіздерге табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

slide
slide