Ағымдағы жылдың 19-20 шілдесінде Ақтау қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Солтүстік-Оңтүстік» көлік, сауда және логистикалық 1-ші форумы өтуде.
Ағымдағы жылдың 19-20 шілдесінде Ақтау қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Солтүстік-Оңтүстік» көлік, сауда және логистикалық 1-ші форумы өтуде.
Форумға Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Оман, Пәкістан, Ресей, Сирия, Түрікменстан және БАӘ-нің мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік ұйымдары, темір жол әкімшіліктері, өндірушілер, экспорттаушылар, көлік-логистикалық және басқа да компаниялардың өкілдері қатысты.
Бүгін, форумның 1-ші күні «Мультимодальдық тасымалдау тенденциялары» пленарлық отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, Мемлекеттік хатшы – Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Дмитрий Зверев, Армения Республикасының аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Гнел Саносян, Беларусь Республикасының көлік және коммуникация министрі Алексей Ляхнович, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және т.б. сөз сөйледі.
Бірінші сессияның соңында қатысушылар G2G, B2B екіжақты кездесулерін өткізді, сонымен қатар «Темір жол және автомобиль бағыттарын дамыту», «Мультомодальды байланыс және порттарды дамыту», «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту» сессияларына қатысты.
Өткен форумның нәтижесінде қатысушы елдердің мемлекеттік компаниялары арасында халықаралық келісімдер жасалып, жеке көлік компаниялары арасында одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.