Ағымдағы жылдың 13 тамызында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бастамасымен Алтынкөл, Достық, Сарыағаш, Ақтау – Порт, Құрық – Порт негізгі мемлекетаралық түйісу нүктелері (МАТН) арасында тәжірибе алмасу іс-шарасы аясында МАТН, теңіз порттары жұмысының бизнес-процестерімен танысу және зерделеу, ақпараттық жүйелерді біріктіру мүмкіндіктерін қарастыру, тасымалдау құжаттарын өңдеу уақытын қысқарта отырып, вагондарды/контейнерлерді қабылдау/жеткізу операцияларын жеделдету мақсатында Құрық портына МАТН делегациясы келді.

Сапар барысында «Құрық порты» ЖШС басшылығы вагондарды су көлігіне кіргізу/шығару бойынша операцияларды көрсетуді қоса отырып, порт аумағына экскурсия ұйымдастырды, сондай-ақ порт акваториясы бойынша экскурсия жүргізді.
Экскурсия соңында «KТЖ-ЖТ» ЖШС әріптестері КҚҒ ғимаратында жұмыс кездесуін өткізіп, ағымдағы қызметтің өндірістік мәселелерін талқылады.