Ағымдағы жылдың 15-17 тамызы аралығында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысына келді.
Ағымдағы жылдың 15-17 тамызы аралығында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысына келді.
Сапар аясында министр Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті, «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС, «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ, «Баутино теңіз сауда порты» ЖШС қызметімен танысты.
Бүгін, 17 тамызда Марат Қарабаев Құрық портына келіп, онда бас директор Серік Ахметов ҚР КМ өкілдерін паромдық кешеннің инфрақұрылымымен, оның өндірістік көрсеткіштерімен, перспективалық даму бағыттарымен таныстырды, сонымен қатар порт акваториясы бойынша экскурсия жасап, түбін тереңдету жұмыстарының мәселелерін талқылады.
Одан кейін Марат Қарабаев Құрық портының жол тасымалдаушыларымен және жұмысшыларымен кездесіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.