Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысына келді

Бүгін, 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысына келді.

25 қыркүйек, 2024

Бүгін, 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысына келді.

Сапар аясында Премьер-Министр өңірдегі ірі көлік-логистикалық инфрақұрылым нысандарын, сондай-ақ Ақтау және Құрық теңіз порттарын аралады.

Құрық портында бас директор Серік Ахметов Қазақстан Республикасының Үкімет делегациясын паром кешенінің инфрақұрылымымен, оның өндірістік көрсеткіштері мен дамудың перспективалық бағыттарымен таныстырды.

Сондай-ақ, бас директор жыл басынан бері порттағы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,5 миллион тоннадан асқанын және ағымдағы жылдың соңына қарай қайта тиеудің жалпы көлемі 2,2 миллион тоннаға дейін жеткізілетінін хабарлады.

Баяндама барысында порт басшысы жыл соңына дейін тереңдету жұмыстарын аяқтау және астық терминалын іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Құрық портының жобалық қуаты жылына 6 млн тонна жүкті құрайды, соның ішінде: 4,1 млн.тн. - теміржол тасымалы және 1,9 млн.тн. - көліктерді тасымалдау болып табылады.

slide