Жетекші нидерландық компаниялардың басшылары «Құрық порты» ЖШС-не келді

Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі Нидерланд Кәсіпорын Агенттігімен бірлесіп ұйымдастырған «Порттарды дамыту және логистика» сауда миссиясы аясында «Құрық порты» ЖШС-не жетекші нидерландық компаниялардың басшылары келді.

07 қазан, 2024

Сапар барысында делегация мүшелері халықаралық TХКБ бағытының негізгі буындарының бірі болып табылатын Құрық портымен танысты.  Сондай-ақ, Серіктестіктің Бас директоры Серік Ахметов делегацияны паромдық кешеннің ағымдағы қызметімен, оның өндірістік көрсеткіштерімен таныстырып, жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстарына тоқталды.

slide
slide