Ағымдағы жылдың 9 қарашасында «Kaspi Grain Way» ЖШС Құрық портының N4 айлағынан астықтың бірінші партиясын жөнелтті.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында «Kaspi Grain Way» ЖШС Құрық портының N4 айлағынан астықтың бірінші партиясын жөнелтті. Бірінші партияның жалпы көлемі 3500 тоннаны құрады. «SILVER STAR» кемесі астықтың бірінші партиясын қабылдау үшін Құрық портының акваториясына кірді.
«Kaspi Grain Way» компаниясы дәнді дақылдарының бірінші партиясын Құрық портының айлағынан жөнелту Қазақстанның халықаралық ауылшаруашылық нарықтарындағы позициясын нығайтудағы маңызды қадамды белгіледі және жаңа тасымалдау бағыттарын дамыту мен еліміздің порттарындағы жүк базасын диверсификациялаудың жаңа перспективаларын ашады.
Құрық портындағы «Kaspi Grain Way» жеке компаниясының астық терминалы іске қосылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен дәнді дақылдарды қабылдауға дайын. Жаңа астық терминалының жобалық қуаты: бір мезгілде 28 мың тоннаға дейін астықты сақтай алады және жалпы жобалық қайта тиеу қуаты жылына 1 миллион тоннаға дейін құрайды.
Бұл жоба қазақстандық порттарды дамытуға және Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру аясында icке асырылды.